«ДосболLIKE» жобасы аясында мектебімізде 7–9 сынып оқушылары арасында «Буллинг: өзін тану, әрекет ету және қорғау жолдары» тақырыбында тренинг өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға буллингтің мәнін түсіндіру, оның алдын алу жолдарын үйрету және қиын жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.Өзін-өзі қорғау және сенімді мінез-құлық дағдыларын дамтыу .Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
Тренинг барысында буллинг ұғымы жан-жақты талқыланып, оның түрлері (физикалық, психологиялық, кибербуллинг) туралы ақпарат берілді. Оқушылар өз сезімдерін түсіну, өзін-өзі тану және сенімді мінез-құлық қалыптастыру бағытында түрлі жаттығулар орындады.
Сонымен қатар, қатысушыларға буллинг жағдайында қалай әрекет ету керектігі түсіндірілді: көмек сұрау, сенімді ересекке жүгіну, өз құқығын қорғау, агрессияға агрессиямен жауап бермеу сияқты маңызды қағидалар қарастырылды.
Тренингте рөлдік ойындар, топтық талқылаулар және практикалық тапсырмалар ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Олар өз ойларымен бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсету дағдыларын дамытты.
Іс-шара соңында оқушылар буллингке қарсы тұруда әр адамның жауапкершілігі маңызды екенін түсініп, қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастыруға дайын екендіктерін көрсетті.
Осындай тренингтер оқушылардың психологиялық саулығын нығайтып, мектепте жағымды ахуал қалыптастыруға ықпал етеді.




