ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ертіс ауданы білім беру бөлімінің «Сілеті жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Селетинская средняя общеобразовательная школа» отдела образования Иртышского района, управления образования Павлодарской области
с. Селеты
+7 (718) 322 63 31
seletinskaya@irtysh.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ертіс ауданы білім беру бөлімінің «Сілеті жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Селетинская средняя общеобразовательная школа» отдела образования Иртышского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен мектебіміздің ресми сайтында сәлемдесуге қуаныштымыз! !

Сайт білім беру мекмесінің өмірі жайлы білгісі келетіндердің
барлығына арналған

Бөлімге өтіңіз
7
Сәуір
2026

9-сынып оқушыларымен қазақ тілі пәні бойынша қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Дайындық барысында оқушылардың жазылым, оқылым, тыңдалым және тілдік нормаларды дұрыс қолдану дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

Сабақтарда емтихан талаптарына сәйкес тапсырмалар орындалып, тест жұмыстары, мәтінмен жұмыс, эссе жазу, грамматикалық тапсырмалар арқылы білімдері бекітілуде. Сонымен қатар өткен тақырыптар қайталанып, оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында түрлі деңгейдегі жаттығулар мен сынақ жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – оқушылардың білімдерін жүйелеу, өз ойларын сауатты жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру және қорытынды аттестаттаудан сәтті өтуіне жағдай жасау.

 

collage 4

26
Қаңтар
2026

Сілеті орта мектебінде 11-сынып оқушылары үшін биология пәнінен Ұлттық Бірыңғай Тест (ҰБТ)-қа дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Дайындықтың негізгі мақсаты – оқушылардың биологиялық білімдерін жүйелеу, зерттеу және талдау дағдыларын жетілдіру арқылы ҰБТ-да жоғары нәтижеге қол жеткізуге дайындау.WhatsApp Image 2026 01 26 at 10.57.30 2

26
Қаңтар
2026

Сілеті орта мектебінде 11-сынып оқушылары үшін математикалық сауаттылық пәнінен Ұлттық Бірыңғай Тест (ҰБТ)-ке жүйелі дайындық жұмыстары жүргізілуде. Дайындықтың негізгі мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, есеп шығару дағдыларын, сыни ойлау қабілетін және ақпаратты талдау мүмкіндігін жетілдіру арқылы ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетуге дайындау.

WhatsApp Image 2026 01 26 at 10.01.29

26
Қаңтар
2026

Сілеті  орта мектебінде 9-сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінен қорытынды аттестаттауға жүйелі дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда. Дайындықтың негізгі мақсаты – білім алушылардың оқу бағдарламасы аясында меңгерген тілдік дағдыларын жетілдіру, қорытынды емтихан форматындағы тапсырмаларды орындауға бейімдеу.

Дайындық барысында грамматикалық құрылымдар (замандар жүйесі, шартты сөйлемдер, пассивті етіс, модальды етістіктер), сөздік қорды дамыту, мәтінмен жұмыс жасау, тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру бағыттары қамтылады.

Оқушылардың дайындық деңгейін анықтау үшін диагностикалық жұмыстар, тақырыптық тесттер және модельдік тапсырмалар өткізіледі. Сонымен қатар, білім алушылардың жіберген қателері талданып, әлсіз тұстарын түзету мақсатында жеке және топтық кеңестер ұйымдастырылады.

Қорытынды аттестаттауға дайындық сабақтары оқу жоспарына сәйкес өткізіліп, оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыруға, уақытты тиімді пайдалануға және тапсырмаларды дұрыс орындау стратегияларын меңгертуге бағытталған.

Жүргізіліп жатқан дайындық WhatsApp Image 2026 01 26 at 11.34.03жұмыстарының нәтижесінде білім алушылардың тілдік құзыреттілігі артып, қорытынды аттестаттауда жоғары нәтижелер көрсетуіне жағдай жасалуда.

26
Қаңтар
2026

Сілеті ЖОББ мектебінде 9-сынып оқушылары үшін математика пәнінен қорытынды аттестаттауға жүйелі дайындық жұмыстары жүргізілуде. Дайындықтың негізгі мақсаты – білім алушылардың оқу бағдарламасы бойынша меңгерген білімдерін қайталау, жүйелеу және қорытынды емтихан форматындағы тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыру.

Дайындық барысында алгебра және геометрия бөлімдері бойынша негізгі тақырыптар қамтылады. Атап айтқанда, квадрат теңдеулер, теңсіздіктер, функциялар мен олардың графиктері, арифметикалық және геометриялық прогрессия, мәтінді есептер, сондай-ақ үшбұрыштар, төртбұрыштар, шеңбер, аудандар, Пифагор теоремасы және тригонометриялық қатынастар қайталанады.

Оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық бақылау жұмыстары, тақырыптық тесттер мен модельдік тапсырмалар орындалады. Сонымен қатар, қателермен жұмыс жүргізіліп, білім алушылардың әлсіз тұстары бойынша жеке кеңестер ұйымдастырылады.

Қорытынды аттестаттауға дайындық сабақтары жоспарға сәйкес өткізіліп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, логикалық ойлауын дамытуға және уақытты тиімді пайдалануға үйретуге бағытталған.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың есеп шығару қабілеттері жетілдіріліп, қорытынды аттестаттауда жоғары нәтижелер көрсетуге мүмкіндік жасалуда.

WhatsApp Image 2026 01 26 at 09.57.02

© 2026. Все права защищены.