ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ертіс ауданы білім беру бөлімінің «Сілеті жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Селетинская средняя общеобразовательная школа» отдела образования Иртышского района, управления образования Павлодарской области
с. Селеты
+7 (718) 322 63 31
seletinskaya@irtysh.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ертіс ауданы білім беру бөлімінің «Сілеті жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Селетинская средняя общеобразовательная школа» отдела образования Иртышского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен мектебіміздің ресми сайтында сәлемдесуге қуаныштымыз! !

Сайт білім беру мекмесінің өмірі жайлы білгісі келетіндердің
барлығына арналған

Бөлімге өтіңіз

Аттестация

Сілеті  орта мектебінде 9-сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінен қорытынды аттестаттауға жүйелі дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда. Дайындықтың негізгі мақсаты – білім алушылардың оқу бағдарламасы аясында меңгерген тілдік дағдыларын жетілдіру, қорытынды емтихан форматындағы тапсырмаларды орындауға бейімдеу.

Дайындық барысында грамматикалық құрылымдар (замандар жүйесі, шартты сөйлемдер, пассивті етіс, модальды етістіктер), сөздік қорды дамыту, мәтінмен жұмыс жасау, тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру бағыттары қамтылады.

Оқушылардың дайындық деңгейін анықтау үшін диагностикалық жұмыстар, тақырыптық тесттер және модельдік тапсырмалар өткізіледі. Сонымен қатар, білім алушылардың жіберген қателері талданып, әлсіз тұстарын түзету мақсатында жеке және топтық кеңестер ұйымдастырылады.

Қорытынды аттестаттауға дайындық сабақтары оқу жоспарына сәйкес өткізіліп, оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыруға, уақытты тиімді пайдалануға және тапсырмаларды дұрыс орындау стратегияларын меңгертуге бағытталған.

Жүргізіліп жатқан дайындық WhatsApp Image 2026 01 26 at 11.34.03жұмыстарының нәтижесінде білім алушылардың тілдік құзыреттілігі артып, қорытынды аттестаттауда жоғары нәтижелер көрсетуіне жағдай жасалуда.

© 2026. Все права защищены.