|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ертіс ауданы білім беру бөлімінің «Сілеті жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Селетинская средняя общеобразовательная школа» отдела образования Иртышского района, управления образования Павлодарской области
|
|
|---|
Жаңалықтар
«Жас волонтёрлар» тобының мүшелері игі істің үлгісін көрсетті. Жастар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш кешені мен оның маңайындағы аумақты қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

|
4
Мамыр
2026
|
«Жол сақшысы» республикалық профилактикалық акциясы аясында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және көшедегі қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында «Тоқта-сигнал!» атты ауқымды іс-шара өткізілді.

|
4
Мамыр
2026
|
"Таза Қазақстан" акциясы аясында өткен "Жасыл болашақ" аудандық жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистер форумы өз мәресіне жетті. 🌿
Аталған додада мектебіміздің 9-сынып оқушысы Камилова Инкара жоғары дайындық пен ерекше ізденімпаздық танытып, жүлделі 1-орынды иеленді! 🥇
🌍 Форумның мақсаты — өскелең ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Инкара өз жобасында туған өлкенің табиғатын қорғау мен экологиялық мәселелерді шешудің тың жолдарын ұсынып, қазылар алқасын тәнті етті.
Инкараны және оның жетекшісін осы айтулы жеңіспен құттықтаймыз! Жас экологымыздың болашақта алар асулары бұдан да көп болсын!
Жасыл болашақты бірге құрамыз!
|
10
Сәуір
2026
|
Мектебіміздің маманы, педагог-психолог Кадырова Камила Мергеновна «Жылдың үздік психологы» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде жоғары кәсіби шеберлік танытып, ІІ дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталды. Бұл байқау — психологтардың кәсіби деңгейін саралап, үздік әдістемелерді анықтайтын маңызды дода. Камила Мергеновнаның бұл жетістігі — оның өз ісіне деген адалдығы мен қажырлы еңбегінің жемісі.
Құрметті Камила Мергеновна! Сізді осынау жарқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабытыңыз таусылмай, білім беру саласындағы еңбегіңіз жана берсін. Мектебіміздің мерейін асырар табыстарыңыз көп болсын!

Павлодар қаласында "Тәртіп отбасыдан басталады" атты облыстық кезеңдегі отбасылық спорттық эстафета өтті. Аталған жарысқа өңірдің әр ауданынан келген отбасылар қатысып, спорттық шеберліктерін сынады.
Жарыс барысында қатысушылар түрлі спорттық тапсырмаларды орындап, ептілік пен жылдамдықтарын көрсетті. Нәтижесінде мектебіміздің намысын қорғаған “Найза” командасы жоғары белсенділік танытып, тартысты бәсекеде ІІІ орынға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз! Спорт – денсаулық кепілі, ал отбасы – тәрбиенің бастауы.

Павлодар қаласында "Тәртіп отбасыдан басталады" атты облыстық кезеңдегі отбасылық спорттық эстафета өтті. Аталған жарысқа өңірдің әр ауданынан келген отбасылар қатысып, спорттық шеберліктерін сынады.
Жарыс барысында қатысушылар түрлі спорттық тапсырмаларды орындап, ептілік пен жылдамдықтарын көрсетті. Нәтижесінде мектебіміздің намысын қорғаған “Найза” командасы жоғары белсенділік танытып, тартысты бәсекеде ІІІ орынға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз! Спорт – денсаулық кепілі, ал отбасы – тәрбиенің бастауы.

|
9
Сәуір
2026
|
«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы
аясында оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының
мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және
азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында “БІЛІМ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ: ЖАҢА
КОНСТИТУЦИЯДА АЙҚЫНДАЛҒАН БАСЫМДЫҚТАР” тақырыбында 11-сыныппен сынып сағаты өтті.

|
7
Сәуір
2026
|
7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» тақырыбында республикалық бірыңғай сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты: – Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру
– Денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру
– Физикалық және психологиялық денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу
Бұл шара барлық білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылды.
✨ Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!





