|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ертіс ауданы білім беру бөлімінің «Сілеті жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Селетинская средняя общеобразовательная школа» отдела образования Иртышского района, управления образования Павлодарской области
|
|
|---|
Жаңалықтар
Мектебімізде 7–11 сынып оқушылары арасында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізер зияны туралы бейнероликтер көрсетіліп, олардың мазмұны бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Көрсетілген бейнематериалдар арқылы оқушыларға экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі, оның жастарға тигізетін кері әсері, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтаудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар оқушыларды дұрыс ақпарат көздерін пайдалануға, радикалды көзқарастардан аулақ болуға және заң талаптарын сақтауға шақыру мәселелері талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында бейбітшілік пен толеранттылық құндылықтарын қалыптастыру, діни сауаттылығын арттыру және экстремизм мен терроризмнің алдын алу. Оқушылар өз ойларын білдіріп, тақырып бойынша пікір алмасты.
Мұндай шаралар алдағы уақытта да оқушылардың құқықтық және рухани тәрбиесін нығайту мақсатында жалғасын табатын болады.

|
7
Сәуір
2026
|
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Нұрлы Перизат – 2026» атты байқау өтті. Байқауға 7–8 жас аралығындағы өнерлі балалар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Аталған байқауда мектебіміздің 3-сынып оқушысы Сағит Аруна өнер көрсетіп, өзінің таланты мен шеберлігін дәлелдеп, ІІ орын иеленді. Жас қатысушы дипломмен марапатталды.
Мектебіміздің атын шығарып жүрген оқушымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз. 🌷👏

2026 жылғы 27–29 наурыз күндері Ертіс ауылында еркін күрестен 2012 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында ашық облыстық турнир өтті. Аталған жарыс еркін күрестен бірінші КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ардагерлер арасындағы әлем чемпионы Серік Қалыбайұлы Сергазиннің құрметіне ұйымдастырылды.
Жарысқа облыстың әр өңірінен жас балуандар қатысып, өзара мықтыларды анықтады. Турнир қорытындысы бойынша мектебіміздің 8-сынып оқушысы Сағит Санжар өз салмақ дәрежесінде ІІІ орын иеленіп, арнайы грамотамен марапатталды.
Жас спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз.

Еркін күрестен ашық облыстық турнир жүлдегері – мектебіміздің оқушысы Сағит Санжар 🏅
|
1
Сәуір
2026
|

Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін Наурыз мерекесіне орай өткен «Ұрпақ үні» мега жобасы аясында көркем-эстетикалық бағыттағы «Қолөнер әлемі – ұлт айнасы» байқауында жүлделі орынға ие болдық! 🏆
Бұл жетістік – еңбектің, шығармашылықтың және ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктің нәтижесі. Қолөнер арқылы халқымыздың бай мұрасын танытып, өз үлесімізді қоса алғанымызға қуаныштымыз.
Барша қолдау білдірген жандарға алғысымыз шексіз! 🤍
Алда әлі талай жетістіктерге бірге жетейік!

Сілеті жалпы орта мектебінің оқушылары аудандық және облыстық пәндік олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсетіп, мектебіміздің абыройын асқақтатты 👏
📚 5-сынып оқушысы Жансұлу Ноярбекова мен 6-сынып оқушысы Айханым Ермекова 5–6 сынып оқушыларына арналған аудандық пәндік олимпиадада математика пәні бойынша II орын иеленді 🥈
📖 Сонымен қатар, 7-сынып оқушысы Құсайынова Гаухар орыс тілі пәнінен аудандық олимпиадада I орын иеленіп 🥇, облыстық кезеңде III орын жеңіп алды 🥉
👩🏫 Жетекшілері:
Бельгубаева Б.К.
Аханова Д.Т.
Қадырова К.М.
Оқушыларымызды және ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз! 🌟
Мектебімізде «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында экономикалық ойын күні өткізілді. Іс-шараға "Болашақ инвесторлар","Байлық формуласы ","Қаржы білгірлері" командалары қатысты."Қаржылық қауіпсіздік негіздері"тақырыбында викториналық сұрақтар,қаржылық пазл,квест ойындары арқылы өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын және экономикалық ойлау қабілеттерін сынға салды.
Қатысушылар қаржыны дұрыс жоспарлау, үнемдеу, табыс пен шығысты басқару, интернет-алаяқтық, жалған қоңыраулар мен күмәнді хабарламалардан сақтану жолдарын,жауапты шешім қабылдау бағытында тапсырмалар орындады.
Ойын қорытындысы бойынша "Болашақ инвесторлар"командасы жеңімпаз атанды.
https://www.instagram.com/reel/DT2UozXCAN2/?igsh=cHd1MHJ1dmQwcGxi

|
26
Қаңтар
2026
|
“Заң мен тәртіп” айлығы шеңберінде “Заң мамандықтары” тақырыбында учаскелік полиция қызметкері Т.Ж. Зайниденовпен кездесу өткізілді
https://www.instagram.com/p/DT2xnYjCDCj/?igsh=MWswZHl2dGx4cDBxNg==

|
26
Қаңтар
2026
|
Қазіргі білім беру үдерісінде оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып оқыту – білім сапасын арттырудың маңызды шарты. Осыған байланысты математика пәнінің мұғалімі Д.Т.Аханова оқушымен жеке-дара жұмыс жүргізу арқылы оқушының білім деңгейін, қабілетін және оқу қажеттілігін анықтап, сол ерекшеліктерге сай мақсатты түрде оқыту үдерісін ұйымдастыруда.
Жеке-дара жұмыстың мақсаты:
оқушының математика пәнінен біліміндегі олқылықтарды жою, қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру және оқу жетістігін арттыру.
https://www.instagram.com/p/DTuZvujCGr4/?igsh=MTh5eDBlZGhrbzdwcA==




