Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Нұрлы Перизат – 2026» атты байқау өтті. Байқауға 7–8 жас аралығындағы өнерлі балалар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Аталған байқауда мектебіміздің 3-сынып оқушысы Сағит Аруна өнер көрсетіп, өзінің таланты мен шеберлігін дәлелдеп, ІІ орын иеленді. Жас қатысушы дипломмен марапатталды.
Мектебіміздің атын шығарып жүрген оқушымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз. 🌷👏




