ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ертіс ауданы білім беру бөлімінің «Сілеті жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Селетинская средняя общеобразовательная школа» отдела образования Иртышского района, управления образования Павлодарской области
с. Селеты
+7 (718) 322 63 31
seletinskaya@irtysh.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ертіс ауданы білім беру бөлімінің «Сілеті жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Селетинская средняя общеобразовательная школа» отдела образования Иртышского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен мектебіміздің ресми сайтында сәлемдесуге қуаныштымыз! !

Сайт білім беру мекмесінің өмірі жайлы білгісі келетіндердің
барлығына арналған

Бөлімге өтіңіз
9
Сәуір
2026

Мектебімізде «Жанұя жылуы» жобасы аясында «Отбасылық ресурстар» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты – отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін арттыру, бала дамуына ықпал ететін ішкі ресурстарды анықтау және ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Іс-шара барысында «отбасылық ресурстар» ұғымы кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, отбасының басты ресурстары ретінде ата-ана мейірімі, өзара түсіністік, сенім, қолдау, бірлескен уақыт өткізу және дұрыс қарым-қатынас мәдениеті қарастырылды.

Жиналыс кезінде ата-аналармен пікір алмасу ұйымдастырылып, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді әдіс-тәсілдер жөнінде ұсыныстар айтты.

Сонымен қатар, ата-аналарға баламен сапалы уақыт өткізу, жағымды эмоционалдық орта қалыптастыру, баланың жеке ерекшеліктерін ескеру және қолдау көрсету бойынша практикалық кеңестер берілді.

Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналар мен мұғалімдер бала тәрбиесінде бірлесе жұмыс істеу қажеттігі туралы ортақ пікірге келді.

Кері байланыс сауалнамасы  бойынша ата-аналар жағымды пікір қалдырды. «Сізге қандай  тренинг тақырыптары  қызық болуы мүмкін?»  деген сұраққа мынадай тақырыптар ұсынды:

«Отбасы құндылықтары ата-ана мен бала қарым-қатынасын нығайту;

«Баламен дұрыс сөйлеу,тыңдай білу өнері»;

«Ата –ана мен бала қарым-қатынасы».

Осындай кездесулер отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың жан-жақты дамуына оң әсерін тигізеді.

 

 

 

collage 8

9
Сәуір
2026

 

Мектебімізде «Жанұя жылуы»жобасы аясында «Қалай келісуге болады?»  тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. 

Жиналыстың мақсаты:  Ата-аналарға балаларымен қысымсыз,өзара, сыйластыққа,ынтымақтастыққа  және эмоционалды  байланысқа  негізделген  тиімді қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

   Отбасындағы ең жиі кездесетін қиындықтардың  бірі- ата-ана мен бала арасындағы түсінбеушілік. Ата-ана бәр нәрсе айтады, ал бала басқа  әрекет жасайды. Бірақ шын мәнінде  екеуінің  де қалауы бір-естілуі және түсінілуді сезіну.Келісуді үйрену  үшін тек «тыңдауды  талап ету» емес,өзара сыйластық пен сенімге негізделген серіктестік қарым-қатынас құру маңызды.        Жиналыс барысында ата-аналарға «Қалай тиімді келісуге болады» тақырыбына сай  шағын дәріс оқылып, тақырыпқа сай сұрақтар қойылды. Ата-аналарға әр топқа  ситуациялық сұрақтар беріліп,  «Жағдайларды талдау» , «Жұппен сурет салу» тақырыптарында жаттығулар орындалды. Барлығының ойы тыңдалды Әр ата-ана өзін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып ортаға салды.Жалпы ата-аналараға   «Жанұя жылуы» ұғымының маңызы түсіндіріліп, баланың тұлғалық дамуына ата-ананың мейірімі, қолдауы мен түсіністігі ерекше әсер ететіні атап өтілді. Ата-аналармен бірге тәрбиедегі өзекті мәселелер талқыланып, пікір алмасу ұйымдастырылды.

  Сонымен қатар, ата-аналарға балаға күнделікті көңіл бөлу, жылы сөз айту, қолдау көрсету, сенімді қарым-қатынас орнату бойынша ұсыныстар берілді. Жиналыс соңында ата-аналар мен мұғалімдер арасында өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ортақ келісімдер қабылданды.

Тренингті қорытындалау  барысында ата-аналар өздерін еркін ұстап, жаттығуларға белсене қатысты. Өз ойларын жеткізе алды және пікірлерімен бөлісті. Шара барысында жағымды қалып орнады.

    Кері байланыс сауалнамасы бойынша ата-аналар жағымды пікір қалдырды. 

«Сізге қандай тренинг тақырыптары қызық болуы мүмкін?» деген сұраққа  мынадай тақырыптар ұсынды:

«Баланы ұялы телефоннан қалай алшақтатуға болады?» 

«Қазіргі балалардың қызығушылығы, ұмтылысы, нені қалайтыны»

«Бала мен ата-ананың қарым-қатынасын нығайту »

«Жанұядағы өзара түсінбеушіліктің алдын алу»

Осындай кездесулер бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің бірлескен жұмысының маңыздылығын арттыра түседі. 

collage 7

 

 

 

 

 

26
Қараша
2025

Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы тиімді өзара әрекеттестіктің, түсіністіктің және бір-бірін тыңдай білу қабілетінің қажетті шарты болып табылатын ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету.

https://www.instagram.com/reel/DRT5910iBzs/?igsh=MTdza296ZGFkMHI4Zg==

 

 

© 2026. Все права защищены.