Мектебімізде «Жанұя жылуы» жобасы аясында «Отбасылық ресурстар» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты – отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін арттыру, бала дамуына ықпал ететін ішкі ресурстарды анықтау және ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Іс-шара барысында «отбасылық ресурстар» ұғымы кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, отбасының басты ресурстары ретінде ата-ана мейірімі, өзара түсіністік, сенім, қолдау, бірлескен уақыт өткізу және дұрыс қарым-қатынас мәдениеті қарастырылды.
Жиналыс кезінде ата-аналармен пікір алмасу ұйымдастырылып, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді әдіс-тәсілдер жөнінде ұсыныстар айтты.
Сонымен қатар, ата-аналарға баламен сапалы уақыт өткізу, жағымды эмоционалдық орта қалыптастыру, баланың жеке ерекшеліктерін ескеру және қолдау көрсету бойынша практикалық кеңестер берілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналар мен мұғалімдер бала тәрбиесінде бірлесе жұмыс істеу қажеттігі туралы ортақ пікірге келді.
Кері байланыс сауалнамасы бойынша ата-аналар жағымды пікір қалдырды. «Сізге қандай тренинг тақырыптары қызық болуы мүмкін?» деген сұраққа мынадай тақырыптар ұсынды:
«Отбасы құндылықтары ата-ана мен бала қарым-қатынасын нығайту;
«Баламен дұрыс сөйлеу,тыңдай білу өнері»;
«Ата –ана мен бала қарым-қатынасы».
Осындай кездесулер отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың жан-жақты дамуына оң әсерін тигізеді.




