Мектебімізде «Жанұя жылуы»жобасы аясында «Қалай келісуге болады?» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың мақсаты: Ата-аналарға балаларымен қысымсыз,өзара, сыйластыққа,ынтымақтастыққа және эмоционалды байланысқа негізделген тиімді қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.
Отбасындағы ең жиі кездесетін қиындықтардың бірі- ата-ана мен бала арасындағы түсінбеушілік. Ата-ана бәр нәрсе айтады, ал бала басқа әрекет жасайды. Бірақ шын мәнінде екеуінің де қалауы бір-естілуі және түсінілуді сезіну.Келісуді үйрену үшін тек «тыңдауды талап ету» емес,өзара сыйластық пен сенімге негізделген серіктестік қарым-қатынас құру маңызды. Жиналыс барысында ата-аналарға «Қалай тиімді келісуге болады» тақырыбына сай шағын дәріс оқылып, тақырыпқа сай сұрақтар қойылды. Ата-аналарға әр топқа ситуациялық сұрақтар беріліп, «Жағдайларды талдау» , «Жұппен сурет салу» тақырыптарында жаттығулар орындалды. Барлығының ойы тыңдалды Әр ата-ана өзін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып ортаға салды.Жалпы ата-аналараға «Жанұя жылуы» ұғымының маңызы түсіндіріліп, баланың тұлғалық дамуына ата-ананың мейірімі, қолдауы мен түсіністігі ерекше әсер ететіні атап өтілді. Ата-аналармен бірге тәрбиедегі өзекті мәселелер талқыланып, пікір алмасу ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, ата-аналарға балаға күнделікті көңіл бөлу, жылы сөз айту, қолдау көрсету, сенімді қарым-қатынас орнату бойынша ұсыныстар берілді. Жиналыс соңында ата-аналар мен мұғалімдер арасында өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ортақ келісімдер қабылданды.
Тренингті қорытындалау барысында ата-аналар өздерін еркін ұстап, жаттығуларға белсене қатысты. Өз ойларын жеткізе алды және пікірлерімен бөлісті. Шара барысында жағымды қалып орнады.
Кері байланыс сауалнамасы бойынша ата-аналар жағымды пікір қалдырды.
«Сізге қандай тренинг тақырыптары қызық болуы мүмкін?» деген сұраққа мынадай тақырыптар ұсынды:
«Баланы ұялы телефоннан қалай алшақтатуға болады?»
«Қазіргі балалардың қызығушылығы, ұмтылысы, нені қалайтыны»
«Бала мен ата-ананың қарым-қатынасын нығайту »
«Жанұядағы өзара түсінбеушіліктің алдын алу»
Осындай кездесулер бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің бірлескен жұмысының маңыздылығын арттыра түседі.




