2026 жылғы 27–29 наурыз күндері Ертіс ауылында еркін күрестен 2012 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында ашық облыстық турнир өтті. Аталған жарыс еркін күрестен бірінші КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ардагерлер арасындағы әлем чемпионы Серік Қалыбайұлы Сергазиннің құрметіне ұйымдастырылды.
Жарысқа облыстың әр өңірінен жас балуандар қатысып, өзара мықтыларды анықтады. Турнир қорытындысы бойынша мектебіміздің 8-сынып оқушысы Сағит Санжар өз салмақ дәрежесінде ІІІ орын иеленіп, арнайы грамотамен марапатталды.
Жас спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз.

Еркін күрестен ашық облыстық турнир жүлдегері – мектебіміздің оқушысы Сағит Санжар 🏅



