"Таза Қазақстан" акциясы аясында өткен "Жасыл болашақ" аудандық жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистер форумы өз мәресіне жетті. 🌿
Аталған додада мектебіміздің 9-сынып оқушысы Камилова Инкара жоғары дайындық пен ерекше ізденімпаздық танытып, жүлделі 1-орынды иеленді! 🥇
🌍 Форумның мақсаты — өскелең ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Инкара өз жобасында туған өлкенің табиғатын қорғау мен экологиялық мәселелерді шешудің тың жолдарын ұсынып, қазылар алқасын тәнті етті.
Инкараны және оның жетекшісін осы айтулы жеңіспен құттықтаймыз! Жас экологымыздың болашақта алар асулары бұдан да көп болсын!
Жасыл болашақты бірге құрамыз!



