Павлодар қаласында "Тәртіп отбасыдан басталады" атты облыстық кезеңдегі отбасылық спорттық эстафета өтті. Аталған жарысқа өңірдің әр ауданынан келген отбасылар қатысып, спорттық шеберліктерін сынады.
Жарыс барысында қатысушылар түрлі спорттық тапсырмаларды орындап, ептілік пен жылдамдықтарын көрсетті. Нәтижесінде мектебіміздің намысын қорғаған “Найза” командасы жоғары белсенділік танытып, тартысты бәсекеде ІІІ орынға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз! Спорт – денсаулық кепілі, ал отбасы – тәрбиенің бастауы.




