Сілеті ЖОББ мектебінде 9-сынып оқушылары үшін математика пәнінен қорытынды аттестаттауға жүйелі дайындық жұмыстары жүргізілуде. Дайындықтың негізгі мақсаты – білім алушылардың оқу бағдарламасы бойынша меңгерген білімдерін қайталау, жүйелеу және қорытынды емтихан форматындағы тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыру.
Дайындық барысында алгебра және геометрия бөлімдері бойынша негізгі тақырыптар қамтылады. Атап айтқанда, квадрат теңдеулер, теңсіздіктер, функциялар мен олардың графиктері, арифметикалық және геометриялық прогрессия, мәтінді есептер, сондай-ақ үшбұрыштар, төртбұрыштар, шеңбер, аудандар, Пифагор теоремасы және тригонометриялық қатынастар қайталанады.
Оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық бақылау жұмыстары, тақырыптық тесттер мен модельдік тапсырмалар орындалады. Сонымен қатар, қателермен жұмыс жүргізіліп, білім алушылардың әлсіз тұстары бойынша жеке кеңестер ұйымдастырылады.
Қорытынды аттестаттауға дайындық сабақтары жоспарға сәйкес өткізіліп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, логикалық ойлауын дамытуға және уақытты тиімді пайдалануға үйретуге бағытталған.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың есеп шығару қабілеттері жетілдіріліп, қорытынды аттестаттауда жоғары нәтижелер көрсетуге мүмкіндік жасалуда.




